27.05.2019

24 мая 2019 года  ОО «Фондом поддержки парализованных граждан города Актобе»  в рамках социальной программы «Біз біргеміз!» - «Мы вместе!...

подробнее...
05.12.2014

В соответствии сположением Конвенции о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин (ратифицированной РК 29.07.1998 года), ежегодно 25 ноября отмечается...

подробнее...

Баспасөз парағы

2014 жылдың 3 шілдесі күні сағ.15.00-де Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментінің мәжіліс залында тәркіленген мүліктерді тұрмысы төмен отбасыларға табыстауға арналған қайырымдылық шара өткізіледі. Аталмыш шара «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысына сәйкес өткізілмек.Осы қаулының 4-бөлімі «Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату» бойынша егер сауда ұйымдары арқылы немесе аукциондарда өткізуден кейін мүлік толықтай немесе iшiнара өткізілмей қалса, уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар осы мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
      Комиссия тағайындаған ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге ақысыз (тегін) беріледі. Бұл жолы тәркіленген мүлікті жоқ-жітік отбасыларға үлестіруді «Ақтөбе қаласы әйелдерді қолдау орталығы» Қоғамдық Бірлестігі қолға алып отыр. Қайырымдылық шара нәтижесінде бас – аяғы 804 000теңгені құрайтын бағалы сыйлықтар, киім-кешек пен ойыншықтар тұрмысы төмен отбасы балаларына табысталады.